{metadescription}
Ақтөбеде 2 мың теңге үшін екі әжейді айуанша ұрып кеткен

Ақтөбеде 2 мың теңге үшін екі әжейді айуанша ұрып кеткен

Ақтөбеде екі әжейді ұрған күдікті әлі анықталмай жатыр.

Зардап шеккен 65 және 72 жастағы әжей қылмыскердің көрші бала екенін айтқанымен, тұлғасы әлі анықталмаған. 65 жаcтағы Айман Сағындықова мен 72 жастағы Зулиха Қоспаева жас жігіттің қолынан аяусыз соққыға жығылды. Оқиға 22 ақпан күні болды. Қылмысткер екі зейнеткерді аяусыз ұрып, ақша талап еткен. Миллион теңге тауып беруін сұраған.

"Бізді екі сағат ұрды. Сіңлім қолындағы бар екі мың теңгесін берді. Бірақ жігіт "миллион теңгелерің бар, соны тауып бер" деп қорқытты. Үй іші тегіс қанжоса болды. Ара-тұра телефонмен сөйлесті. Сонда арғы жағынан "Оларды өлтір" деп жатты", - деді зардап шеккен әжей.

Олар шабуылдаушыны бірден таныды. Себебі жігіт бет-жүзін жасырмаған. Қылмыскердің көрші үйде тұратын бала екенін айтады. Тергеуші оның суретін әкеліп "Кореец" деген лақап атымен танылғанын айтқан. 

Бірнеше айда бірнеше рет тергеуші ауысыпты. Олардың бірі үш пышақ әкеліп, қылмыскердің қайсысын қолданғанын сұрады. Әжей оның басқа пышақтар екенін айтты.

Дереккөз: Stan.kz

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.