{metadescription}
Түркістан облысында жол апатынан 4 адам көз жұмды

Түркістан облысында жол апатынан 4 адам көз жұмды

Түркістан облысы Келес ауданында 23.05.2019 жылы жол-көлік оқиғасы орын алды.

Аталмыш жайт, Келес АПБ-не ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабымен тіркеуге алынды. Полицейлердің анықтауы бойынша, «Жетісай-Жібек жолы» бойында жол апаты орын алып, Шымкент бағытына қарай бет алған «Ауди-100» маркалы көлігі қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, «Киа» маркалы автокөлігіне соқтығысқан.

Жол апатының салдарынан 3 жолаушы оқиға орнында қаза тауып, 1 адам ауруханада көз жұмды. «Киа» маркалы автокөлігіндегі 3 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды. Күдікті азамат қамауға алынды.

Дереккөз: otyrar.kz

Кеше

15 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде