{metadescription}
Екібастұзда шылымның кесірінен пәтер өртенді

Екібастұзда шылымның кесірінен пәтер өртенді

Абай көшесі, 105 мекенжайы бойынша екінші қабатта екі бөлмелі пәтерден өрт шықты.

Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Сағат 15.54-те кезекшілік бөлімінде өрт туралы хабарлама тіркелді, - дейді департаментте.

21 шаршы метр аумақта толығымен үй жиһаздары және заттар жанып кеткен. Жоғарғы температураның әсерінен үшінші қабаттың балконындағы пластикалық терезе балқып, шынысы жарылып кеткен. Құтқарушылар келгенге дейін өздігінен 15 адам сыртқа шыққан. Оның бесеуі – бала.

Өрт сөндірушілер пәтерден 1991 жылғы ер адамды құтқарды. Алдын ала болжам бойынша, оқыс жағдайдың орын алуына темекі тұқылы себеп болған. Пәтер иесінің  баласы мас күйінде  орталық ауруханаға жеткізілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан алты адам мен екі техника шықты.

Дереккөз: Рavlodarnews.kz

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде