{metadescription}
Елордада 7 көліктің қатысуымен үлкен жол апаты болды

Елордада 7 көліктің қатысуымен үлкен жол апаты болды

Астанада Тұран даңғылы мен Керей, Жәнібек хандар көшесінің қиылысында жеті көлік соқтығысты. 

Жол апаты 24 мамыр күні сағат 11.30-да Тұран даңғылы мен Керей, Жәнібек хандар көшесінің қиылысында болған. Елордалық әкімшілік полиция басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ержан Чупековтің мәліметінше, жүк көлігінің тізгінінде ер адам отырған. Қазіргі уақытта полицейлер оның жол апатына ұшырауына ненің себеп болғанын анықтап жатыр. Алдын ала нұсқа бойынша, оған өзін нашар сезінуі себеп болуы мүмкін.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері апаттың мән-жайын анықтап, тексеру жұмыстарын жүргізуде. Айта кетсек, бір уақытта соқтығысқан көліктердің арасында жүк көлігі болған. Мәліметке сүйенсек, жүк көлігінің жүргізушісі апат салдарынан ауруханаға жеткізілген. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде