{metadescription}
Қарағандылық спортшы қоян-қолтық ұрыстан Азия чемпионы атанды

Қарағандылық спортшы қоян-қолтық ұрыстан Азия чемпионы атанды

Қоян-қолтық ұрыс бойынша Азия чемпионатында қарағандылық спортшы Жандос Мадехиянов 55 келі салмақ дәрежесінде үздік атанды.

Біріншілік 16-17 мамырда Ресейдің Уфа қаласында өтті. Турнирге Азия құрлығының үздік деген қоян-қолтық ұрыс шеберлері қатысты. 55 келі салмақ дәрежесінде Қарағанды облысының атынан ушу федерациясының мүшесі, ушу саньда спорт шебері, ушу бойынша Қазақстанның үш дүркін чемпионы саньда Жандос Мадехиянов қатысты. Ол қарсыластарын сенімді түрде жеңіп шығып, алтын медаль иегері атанды.

«Мен үш жекпе-жек өткіздім, біріншісі - жергілікті спортшымен, екіншісі - қырғызстандық қатысушымен және финалдық жекпе-жекті Өзбекстаннан келген қарсыласыммен өткіздім», - дейді Жандос Мадехиянов.

Айта кету керек, Қарағанды облысының ушу саньда федерациясы жақында пайда болды, алайда спортшылар тек республикалық турнирлерде ғана емес, халықаралық додаларда да табысты өнер көрсетуде. Жандос Мадехиянов мамыр айының басында Қазақстан чемпионатын ұтып, ағымдағы жылдың қазан айында Шанхайда өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.  

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде