{metadescription}
Қалыңдық тойына аз ақша берген құрбысымен ұрысып қалды

Қалыңдық тойына аз ақша берген құрбысымен ұрысып қалды

Қызғаншақ әйел қонақтардан қомақта ақша талап еткен.

Бойжеткен құрбысының үйлену тойында болған қызықты оқиғаны айтып берді. Желі қолданушысы Сейи Акивово әріптесінің Румынияға 2015 жылы тойға шақырғанын айтты. Бойжеткен тойға құрбысымен барады. Оның жолы мен жатын орнының ақысын өзі төлейді. Бойжеткен тойдың жоғары деңгейде өткенін айтты. Қонақтарға сөмкемен сыйлық таратқандарын айтты. 

Күйеу жігіт пен қалыңдық заттын бәрін үйіне апарғысы келмегендіктен ақшалай сый беруін сұрайды. Акивово мен құрбысы ауылды жерден банкомат таба алмайды. ондықтан қалтасында бар 25 евросын берген. Бойжеткендер қайтар жолда жас жұбайларға басқа сый аламыз деп ойлапты. Ал, үйіне келген соң қалыңдықтан балағат сөз жазылған хабар келеді.

"Саған біздің той ұнаған секілді. Бірақ сен берген ақшаның аздығына қарап, олай деп айта алмай тұрмын. Қонақтар ең азы 100 евродан берді. 75 евроның өзі сусын мен жалға алған ақшаны шығаруға жетер еді", - деп жазылған хатта. 

Бойжеткен ақша үшін қонаққа шақыратын құрбысымен араласпайтынын айтты. Айтуынша, құрбысы бүгінде балалы болған.

Дереккөз: stan.kz

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.