{metadescription}
Мешітте теракт болып, 26 адам көз жұмды

Мешітте теракт болып, 26 адам көз жұмды

Ауғанстан астанасы мен Пәкістанның Кветта қаласында екі жарылыс болды.

Кветта мешітінде жұма намазы кезінде жарылыс болды. Намазға 40-қа жуық адам жиналған. Қолдан жасалған жарылғыш зат мінбердің артына қойылыпты. Жарылыстың күшті болғаны соншалық, көрші үйлердің терезелеріне дейін сынып кеткен.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, оқиға салдарынан 25 адам көз жұмды. Әзірге Пәкістандағы бірде-бір террористік топ теракт үшін жауапкершілікті мойнына алған жоқ. Екінші жарылыс Кабул мешітінде болды. Салдарынан белгілі діни көшбасшы Мавлави Самиулла Райхан (Mawlawi Samiullah Raihan) қайтыс болды. 16 адам зардап шекті.

Дереккөз: Sputnik

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде