{metadescription}
Қостанайда әйелдің басына кірпіш құлап кетті

Қостанайда әйелдің басына кірпіш құлап кетті

Қостанай қаласында тұрғын үй төбесінен құлаған кірпіш әйел адамның үстіне түскен.

Ақпаратты облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі растады. Оқиға облыс орталығындағы Гашек көшесінің бойында болған.

«Тұрғын үй төбесінен құлаған кірпіш 41 жастағы әйел адамның басына түскен. Ол есінен танып қалған. Басы жарылғаннан қан көп жоғалтқан. Ашық бас сүйек-ми жарақаты, травматикалық шок диагнозы қойылды», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Мамандар кірпіштің құлауына желдің әсері болуы мүмкін екенін болжап отыр, деп жазады ҚазАқпарат. Зардап шегуші әйел бірден қалалық ауруханаға жеткізілді. Жағдайы ауыр.  


 

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде