{metadescription}
Маңғыстауда үлкен батутты жел ұшырып, адамдар да ұшып кете жаздады

Маңғыстауда үлкен батутты жел ұшырып, адамдар да ұшып кете жаздады

Маңғыстау облысында балаларға арналған батутты жел ұшырып әкетті.

Оқиғаны видеосы желіде пайда болды. Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, оқиға 24 мамырда орын алған. Видео кадрларынан үлкен үрлемелі батутты жел ұшырып әкеткені байқалады. Оны ұстап қалмақ болған адамдар да ұшып кете жаздады.

Оқиға Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы орталық саябақта батутты орнатып жатқан кезде орын алыпты. Абырой болғанда, оқиға кезінде батутта балалар болмаған. Ешкім зардап шеккен жоқ. Ал аттракционның иесімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

Дереккөз: stan.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде