{metadescription}
Қарағандыда батут аударылып, бір бала көз жұмды

Қарағандыда батут аударылып, бір бала көз жұмды

Қарағандының орталық саябағында қатты желден батут аударылып, бір бала көз жұмды.

Видео кадрларынан оқиға орнында бірнеше жедел жәрдем көлігі кезекшілікте тұрғаны байқалады. Сонымен қатар адамдардың айқайлап жатқаны естіледі.  Саябақта адамдар көп болған. Роликтің жазбасында зардап шеккендердің көп екені хабарланған. 

«25 мамыр күні сағат 17:30-да Қарағандыдағы Орталық мәдени және демалыс саябағында қатты желден үрлемелі батут жақын маңда орналасқан дүңгіршектің үстіне аударылып қалды. Салдарынан 2007 жылы туған жеткіншек қаза тапты. 2004 және 2012 жылы туған үш бала түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 306-бабына (Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін, салдарынан адам өліміне алып келген қызмет көрсету) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде