{metadescription}
Өскеменде көлік апаты болып, соңында күтпеген оқиға болды

Өскеменде көлік апаты болып, соңында күтпеген оқиға болды

Көлік қаққан жаяу жүргінші оқиға орнынан қашып кеткен.

Өскеменде қала тұрғыны жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтіп, көлік астына түсті. Желіде ер адамды көлік қағып кеткен сәттің видеосы жарияланды. Жаяу жүргінші ауыр жарақат алмаса керек, ақсаңдай басып, таңырқаған жүргізушінің көз алдында оқиға орнынан қашып кетеді.     

"Жол-көлік оқиғасы Абай даңғылы аумағында болған. 30 жастағы ер адам жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды", – деп мәлімдеді Өскемен полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, жаяу жүргінші жарақат алып, дәрігерлерге қаралған. 

Дереккөз: Sputniknews.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде