{metadescription}
Компьютерлік ойындарға тәуелділікті ауру деп мойындады

Компьютерлік ойындарға тәуелділікті ауру деп мойындады

Дүниежүзілік денсаулықсақтау ұйымы (ДДСҰ) "компьютерлік ойындарға тәуелділікті" ресми түрде ауру деп танып, оны халықаралық аурулар классификациясына енгізді.

Ұйымға мүше елдер бұл шешімді Женевада өткен ДДСҰ ассамблеясында қабылдады. Аурулардың халықаралық классификациясына клиникалық зерттеуге алынатын індеттер кіреді. Ондай ауруға шалдыққан адамдар емделуге мүмкіндік алады.

Аурулардың жаңа классификациясы 2022 жылы күшіне енеді. Компьютерлік ойындарға тәуелділік жеке, отбасылық, әлеуметтік, білім алу және кәсіби қызметіндегі қарым-қатынастың бұзылуына әкеледі. ДДСҰ пікірінше, бұл індетке шалдыққандар компьютерлік ойындарды басқа қызығушылықтан жоғары қояды.

Дереккөз: centralasian.org

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.