{metadescription}
Шымкентте май шығаратын зауыт өртенді

Шымкентте май шығаратын зауыт өртенді

Шымкентте май шығаратын зауыттан өрт шықты.

Төтенше жағдай түнде «Қайнар-май» ЖШС-да болды. Қалалық Тһтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт шыққаны туралы хабарлама сағат түнгі 22:36 түскен.  Зауыттағы жалынды ауыздықтауға өрт сөндіру қызметінің жеке құрамы  жіберілген.

«Жалын жабдықты бөлшектеу мен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде шығып, қалдық май жанғаны анықталды. Жалын шарпыған аймақ 70 шаршы метрді құрады.  Өртті сөндіруге ТЖ департаментінің 38 қызметкері мен 9 бірлік техникасы жұмылдырылды. Сағат 23.02-де өрт ауыздықталып, сағат 23.29-да толығымен сөндірілді» делінген хабарламада.

Тілсіз жаудан ешкім зардап шекпеген. Қазіргі таңда ТЖД қызметкерлері өрттің шығу себептері мен  материалдық шығынның мөлшерін анықтауда.  

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

14 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.