{metadescription}
Отбасы жалға беріледі: жалғызбасты адамдарға жаңа қызмет ұсынылды

Отбасы жалға беріледі: жалғызбасты адамдарға жаңа қызмет ұсынылды

Жапонияда жалғыз қалған адамдар осы қызметке жиі жүгінетін болған.

Әлемді таңғалдырудан жалықпайтын жапондықтар бақытты отбасының рөлі үшін бейтаныс адамдарға ақша төлеуге дайын. Бірақ, бұл қызмет үшін айтарлықтай шашылуға тура келеді. Мәселен, өзіңді жақсы көретін отбасы мүшесінің бір адамын жалға  алу 200 доллар тұрады.

Бірнеше жыл бұрын әйелінен айырылған Жапония тұрғыны Кадзусигэ Нисида үшін бұл «отбасы» әдісі жалғыз өмірінде жұбаныш болды. Оның екі қызы бар, бірақ олар ата-анасының үйінен кетіп, әрқайсысы жеке өмір сүруде. Әкелеріне де сирек келеді. Сондықтан,  Кадзусигэ Нисида қызықты, бақытты кезді тағы бір рет бастан өткеру үшін отбасын жалдауға дайын.

Бұл қызмет Жапонияда кең тарап келеді, дейді фирма өкілдері. Ай сайын 250 өтініш түсіп тұрады екен. Отбасын жалдау қызметін ұсынатын фирманың басшысының айтуынша, бұл шетелдіктерге біртүрлі көрінгенімен, жапон халқы жұрттың пікірімен санасып, қоғамда ел қатарлы өмір сүргісі келеді. Жалға алынған отбасы қонаққа келіп, араласып, бірге түскі ас ішеді, қыдырады.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде