{metadescription}
Ақмола облысында жасөспірім суға батып кетті

Ақмола облысында жасөспірім суға батып кетті

Ақмола облысының Біржан сал ауданында 14 жастағы жасөспірім суға батып кетті.

Ведомствоның мәліметінше, қайғылы оқиға маусымның 2-де сағат 19:16 шамасында Қаратал ауылынан екі шақырым жердегі жасанды қазаншұңқырында  (көлемі 10х15 метр жол жөндеу жұмыстары кезінде пайда болған) болған.

«2005 жылғы баланың денесін ауыл тұрғындары алып шықты. Куәгерлердің сөзінше, бала рұқсат етілмеген орында суға шомылу кезінде батып кеткен. Құтқару жұмыстарына ТЖД жеке құрамынан 2 қызметкері мен 1 арнайы техникасы, Біржан сал аудандық ПБ кезекші жедел тергеу тобының 2 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды», - деді ТЖД баспасөз хатшысы Динара Есенбаева.

Сонымен қатар, ТЖД қызметкерлері суға шомылуға рұқсат етілмеген және арнайы жарақталмаған орындарда суға шомылуға болмайтындығын ескертеді. Ата-аналарға балаларды жалғыз көлге шомылуға жібермеуді ұсынады.  

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде