{metadescription}
Дариға Назарбаева «SportFEST Kazakhstan» спартакиадасының қатысушыларына сәттілік тіледі

Дариға Назарбаева «SportFEST Kazakhstan» спартакиадасының қатысушыларына сәттілік тіледі

Жобаны «Самрұк-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, бірлескен «Коммуникациялық бастама және стратегия қоры» іске асырып жатыр.

Іс-шараға облыстық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары, ҚР Парламент Сенатының депутаттары – Динар Нукетаева, Нариман Төреғалиев, ҚР цифрлық даму, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі Вице-министрі – Абылайхан Оспанов, Ақмола облысы әкімінің орынбасары – Айна Мусралимова, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры жобалау басқармасы департаментінің директоры – Барлық Төреханов, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, жастар ұйымдарының басқа да өкілдері мен қазақстандық спорт жұлдыздары қатысты. Сондай-ақ балаларды қазақстандық бокс жұлдызы - Серік Сәпиев құттықтады.

«Бұл - бұқаралық спорт түрін насихаттау, жастарды салауатты өмір салтына шақырып, патриоттық тәрбие беруге бағытталған біріңғай жоба. Ол осымен екінші рет өткізілуде. Спорттық жарыстар болашақ ұрпақтың мінезін шыңдап, ұйымшыл болуға үйретеді. Бастысы қатысушылар қазірден бастап жақсы нәтиже көрсетуге тырысады, - деп сенаторлар Дариға Назарбаеваның атынан жарысқа қатысушыларды ақтық іріктеу турының басталуымен құттықтады.

«SportFEST Kazakhstan» сахнасында танымал гиревик Сергей Цырульников, "Street Workout" бойынша Қазақстанның бас бапкері – Айтым Жакупов өнер көрсетті. SportFEST Kazakhstan 2019 жылдың наурыз айында басталды және Қазақстандағы Жастар жылы аясында өткізіледі. Бұл жастардың арасында бұқаралық спортты, салауатты өмір салтын және патриоттық тәрбиені дамытуға бағытталған бірегей жоба.

«Еліміздің 17 аймағынан келген жас финалистерді қарсы алу мені қуантады! Республикалық деңгейде өтетін іс – шара 1 маусым-Балаларды қорғау күнімен тұспа-тұс келді. Бұл жоба көптеген балалар үшін пайдалы болады деп үміттенеміз,спортта жаңа жетістіктерге жол ашады және сіздерде болашақ чемпиондар бар», - деп «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры жобалау басқармасы департаментінің директоры Барлық Төреханов деді.

Іс-шараға аймақтық іріктеу ойындарынан өткен 2003-2005 жж. туылған оқушылары қатысып жатыр. Жоба аясында барлығы 7000 жуық оқушы қатысып, олардың 561-і финалдық ойындарда бақ сынасуда. Оқушылар арасындағы финалдық ойындар балаларды қорғау күніне орай өткізіледі. Айта кетейік, спорттық жарыстар мінезді шыңдайды, командалық рухты тәрбиелейді. Мұндай жобалар еліміздің спорттық беделін нығайтуға айтарлықтай ықпал етеді.

Турнир спорттың алты түрі бойынша өтеді: жігіттер арасындағы футзал, әскери қолданбалы спорт түрлері, шахмат, үстел теннисі, қыздар арасындағы баскетбол мен тоғызқұмалақ. Айта кету керек, жарыстан кейін іріктеу турларында қолданылатын барлық спорттық құралдар (теннис үстелдері, доптар, үстел ойындары) әр өңірдегі 27 мектептерге сыйға беріледі.

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде