{metadescription}
«AsiaCredit Bank» басқарма басшысы ауысты

«AsiaCredit Bank» басқарма басшысы ауысты

«AsiaCredit Bank» АҚ басқарма төрағасы ауысты.

Банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұрын осы лауазымда болған Бұлан Бейсенбайұлы Көпешов «AsiaCredit Bank» АҚ Директорлар кеңесі құрамына кірді. Директорлар кеңесі құрамында Бұлан Бейсенбайұлы банк қызметінің басым бағыттарына және стратегиялық мәселелеріне жетекшілік етуді жалғастыра береді. Ал оның орнына «AsiaCredit Banк» АҚ Басқарма төрағасы болып Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 30 мамырдағы шешімімен Зеки Арифиоглу Абдуррахман тағайындалды.

Зеки Арифиоглу еңбек жолын 1999 жылы Ziraat Bankasi-да (Түркия) бастап, осы уақытқа дейін түрлі басшылық қызметтерді, соның ішінде «ДБ «Kazakhstan Ziraat International Bank» АҚ Басқарма төрағасы және «Capital Bank Kazakhstan» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарып келді.  

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде