{metadescription}
Әйел көзіне шөп салған күйеуін ерекше жазалады

Әйел көзіне шөп салған күйеуін ерекше жазалады

Күйеуі көзіне шөп салғанын білген әйел кек алудың ерекше әдісін ойлап тапты. 

Австралияның Сидней қаласында күйеуі көзіне шөп салғанын білген келіншек оның көлігінің терезесін темір баспалдақпен сындырды. Оқиға 3 маусымда болған. Куәгерлердің айтуынша, әйел жезөкшелер үйінің қасынан күйеуінің көлігін көріп, ашуға булыққан екен.

"Келе жатсам, мына әйел көліктің терезесіне баспалдақ тығып жатыр", - дейді оқиға куәгері.

Оның сөзіне сүйенсек, келіншек жезөкшелерге барғаны үшін күйеуінен осылайша кек алған көрінеді.Желі қолданушылары ер адам жезөкшелер үйіне құбырды тексеруге баруы да мүмкін ғой, қызғаншақ әйел қате түсініп қалған шығар деп пайымдады.

Дереккөз: Sputnik

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.