{metadescription}
Алматы облысында әйелдерді зорлай жаздаған таксист ұсталды

Алматы облысында әйелдерді зорлай жаздаған таксист ұсталды

Алматы облысының полиция қызметкерлері әйел жолаушыларды тонаған 27 жастағы такси жүргізушісін ұстады. 

3 маусымда полицияға Қызылжар ауылында тұратын әйел шағым түсірді. Оның айтуынша, такси жүргізушісі тонап, зорламақ болыпты. Қаскүнем телефон мен 92 мың теңгені тартып алған екен. Бірнеше сағаттан кейін тәртіп сақшылары көліктің маркасын нақты анықтап, күдіктіні қолға түсірді. Әйелдерді тонаған ер адам Ащысай ауданының 27 жастағы тұрғыны болып шықты. 

"Тексеріс барысында ұсталған азаматтың тағы бір қылмысқа қатысы бар болып шықты. Ол биыл мамырда Есік қаласында тұратын жас қызды тонаған. Екі жағдайда да күдікті әуелі әйелдерді зорламақ болыпты, бірақ олар қатты қарсылық көрсеткен. Артынша, зергерлік бұйымдарын, ұялы телефондары мен ақшаларын алып қойған" — деп хабарлады баспасөз қызметінің өкілдері. 

Қазір таңда күдікті уақытша ұстау абақтысында отыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде