{metadescription}
Түркістанда инкассаторға шабуыл жасап, қызметкерлерді өлтірген

Түркістанда инкассаторға шабуыл жасап, қызметкерлерді өлтірген

7 маусымда кешкі сағат 18:15 шамасында Арыс ауданына қарасты ауылдардың біріне қаржыларды жеткізу үшін шығып кетіп, байланысқа түспей жатқан екі инкассатор туралы хабарлама келіп түскен.

Қызметтік көліктің ішінде зейнетақы мен жәрдемақыны төлеуге арналған 7,5 миллион теңгеден астам қаржы болған. Оқиға орнына бірден Арыс АПБ-нің жедел-тергеу тобы жетеді. Анықталғандай, инкассаторлар белгіленген бағыт бойынша ауылдардың біріне кетіп, алайда белгісіз себептерге сәйкес байланысқа шықпай қалған.

Полицейлер олардың мекен-жайын анықтау мақсатында, сонымен бірге ауданнан барлық шығар жерді, аймақты, көше мен қиылысқа қойылған бейнекамераларды тексеріп, куәгерлерден сұрақ-жауаптар алып, қажетті деген шараларды атқаруда, деп жазады stan.kz. Инкассаторларды іздеуге Түркістан облысы полиция департаментінің криминалды полиция басқармасының қызметкерлері мен Арыс АПБ-нің полицейлері жұмылдырылды.

Нәтижесінде жедел уәкілдер Арыс қаласынан 5 шақырым жерден тастанды көлікті, ал аудан орталығынан 35 шақырым жерден оқ тиген жарақаттарымен инкассатор қызметкерлерінің мәйітін тапты. Қазіргі таңда, аталған жайт ҚР қылмыстық кодексінің екі бабымен, яғни  99-бабы "Адам өлтiру" және 192-бабы "Қарақшылық" бойынша тіркеуге алынды. Полицейлер ауыр қылмысты жасаған күдіктілердің тұлғасын анықтау мен оларды құрықтауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру шараларын іске асыруда.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.