{metadescription}
Полиция Ринат Зайытовтың не үшін ұсталғанын айтты

Полиция Ринат Зайытовтың не үшін ұсталғанын айтты

Белгілі айтыскер ақын Ринат Зайытов рұқсат етілмеген митингке қатысқаны үшін ұсталып, полицияға жеткізілді.

Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

"Зайытов Алатау ауданында рұқсат етілмеген митингке қатысқаны үшін полицияға жеткізілді. Түсіндірме жұмыстары жүргізілген соң Ринат Зайытов үйіне қайтарылды", - деді полициядағылар.

Ведомство мәліметінше, бұл іс прокуратура бақылауында.

"Біраз уақыттан соң тұрғындар полиция департаменті ғимаратының алдында жиналды. Оларға Зайытовтың үйіне қайтарылғанын хабарладық, бірақ жиналғандар тарқамады. Жиналғандардың осыдан кейін тағы да жаппай тәртіптсіздік орнатуы мүмкін екенін ескере отырып, Зайытов құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талабы бойынша жиналғандардың алдына барып, сөз сөйледі. Оларды заңбұзушылық жасамауға, сондай-ақ, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талаптарын орындауға шақырды", - деді полиция өкілдері.

Еске салайық, осыған дейін Зайытовтың "Алматы Арена" маңындағы алаңда ұсталған болатын. Кейін ол өзінің босап шыққанын айтып, алматылықтарды сабырға шақырып, видео жариялаған.
 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.