{metadescription}
10 маусымда митинг кезінде 200 адам полицияға жеткізілді

10 маусымда митинг кезінде 200 адам полицияға жеткізілді

Кеше 10 маусымда Нұр-Сұлтан мен Алматыда болған митинг кезінде полицияға 200 адам жеткізілді.

"Митингтің бірінші күні екі қалада 500 адам ұсталып, олардың 400-не айыппұл салынды. Екінші күні шамамен 200 адам полицияға жеткізілді, олардың 150-і жауапкершілікке тартылды. Бұл екі қала бойынша", - деді ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Сондай-ақ, ІІМ баспасөз қызметі Нұр-Сұлтан мен Алматыда өткен митингілерге қатысты пікір білдірді.

"Біз осыған дейін де хабарлағандай, полиция қызметкерлері, Ұлттық гвардия мен ІІМ бөлімшелері қоғамдық қауіпсіздік деңгейін бірқалыпты ұстап тұрды, нәтижесінде азаматтар президент сайлауы кезінде еркін түрде дауыс берді. 9 903 сайлау учаскесінің бірде біреуінде қоғамдық тәртіп бұзылған жоқ", - деді ІІМ баспасөз қызметі.

Мұның алдында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Алматыда болған митингілерге қатысты пікір білдірген болатын. 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде