{metadescription}
Алматыда бірнеше ғимаратқа жарылғыш зат қойылды

Алматыда бірнеше ғимаратқа жарылғыш зат қойылды

Алматы полициясы қаладағы соттардың ғимаратын тексеріп шықты.

Әлеуметтік желіде Медеу аудандық сот ғимаратын қоршауға алып жатқан видео жарияланды. Видео авторының мәліметінше, Медеу аудандық сот ғимаратына жарылғыш зат қойылған. Алматы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тексеру жұмыстарын жүргізді.

Анықталғандай, ғимараттарда жарылғыш зат қойылған деген ақпарат жалған болып шықты. Қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, белгісіз біреулер Алматыдағы бірқатар ғимараттарда жарылғыш зат бар екенін хабарлаған.

Қазір қаланың жедел және шұғыл қызмет өкілдері Алматыдағы бірқатар мекемелерде, атап айтқанда сот ғимараттарында тексеру жүргізді. Арнайы алгоритмге сәйкес, ғимараттардан адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп, көліктер қашықтау жерге апарылды. Тексеру қорытындысына сәйкес, жарылғыш зат туралы ақпарат жалған болып шықты. Алматы полициясы азаматтарды сабырлық сақтап, қаладағы қауіпсіздік шараларын атқаруға түсінікпен қарауға шақырды.

Кеше

14 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.