{metadescription}
Түркістан облысында анасын іздеуге шыққан қыз жоғалып кеткен

Түркістан облысында анасын іздеуге шыққан қыз жоғалып кеткен

Кәмелеттік жасқа толмаған қыз атқа мініп, жоғалып кеткен анасын іздеуге аттанған. 

Түркістан облысы Бәйдібек ауданының тұрғыны полицияға барып, қызының жоғалып кеткенін хабарлаған. Ол жалғыз өзі анасын іздеуге шығып кеткен, деп жазады Otyrar.kz.

Отбасы жайлауда тұрады екен. Қыздың анасының психологиялық ауытқуы бар. Сол күні ол үйден шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалған. Кәмелеттік жасқа толмаған қызы анасын өзі тауып алмақ болыпты. Атқа мініп, іздеуге шыққан. Қыздың анасы сол күні үйіне өзі жалғыз оралды. Ал полицейлер қызды екі күн бойы іздеген. Қазір көрші ауылдан табылған қыз дін аман. 


 

Кеше

14 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.