{metadescription}
Қостанай облысында жол апатынан бүтін бір отбасы зардап шекті

Қостанай облысында жол апатынан бүтін бір отбасы зардап шекті

Қостанай облысында тас жолда шағын автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, ресейлік отбасы мен Қырғызстан азаматы зардап шекті.

Жол-көлік оқиғасы кеше кешке Алматы - Екатеринбург тас жолында болды.

«Тас жолдың 390 шақырымында  «Toyota Estima» маркалы шағын автобус пен «Toyota сorolla» жеңіл көлігі соқтығысты. Соның салдарынан 5 адам зардап шекті. Барлығы Қарабалық орталық аудандық ауруханасына жеткізілді», - деп хабарлады ТЖД-дан.

Белгілі болғандай, жол апатынан ресейлік отбасы мен 1981 жылғы Қырғызстан азаматы жарақат алған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде