{metadescription}
Алматыда бірнеше үйге ыстық су беру тоқтатылды

Алматыда бірнеше үйге ыстық су беру тоқтатылды

Алматыда екі аудандағы бірнеше үйге ыстық су беру тоқтатылды.

«Ақкент», «Жас Қанат», «КЭЧ» және «СВК» қазандықтарында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты Алатау мен Түрксіб ауданында орналасқан бірқатар ғимаратқа ыстық су беру тоқтатылды. Атап айтқанда, Жас Қанат және Жұлдыз-1 шағынаудандарында - 10-24 маусым аралығында, Мөңке би - Б. Момышұлы - Райымбек - Ф. Оңғарсынова шаршысында - 13-27 маусым аралығында; Б.Хмельницкий - Дөнентаев - Сүйінбай - Поддубный  шаршысында 13 маусым-4 шілде аралығында су болмайды.

«Қазандық жабдықтары күзгі-қысқы жылыту маусымында жылу жоғалту көрсеткіші мен апаттық көрсеткішті азайту үшін жөнделетін болады», - деп мәлім етті «Алматы жылу желілері» ЖШС.  

Дереккөз: ҚазАқпарат

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде