{metadescription}
Митинг кезінде полицейлер Tengrinews тілшісін соққыға жықты

Митинг кезінде полицейлер Tengrinews тілшісін соққыға жықты

Алматы қаласы полиция департаменті Tengrinews сайты журналисі Шоқан Алқабаевқа полиция қызметкерлерінің күш қолдануына байланысты қызметтік тексеру басталғанын хабарлады.

Сейсенбіге қараған түні Алматыда Төле би көшесі бойында полиция жасағы мен Ұлттық ұлан күші ондаған адамды ұстап жатқан жерде хабар таратып жүрген Tengrinews.kz сайтының тілшісі Шоқан Алқабаевқа полицияның күш қолданғаны туралы ақпарат тараған. Тілші Шоқан Алқабаев 11 маусымда түнде Сайран маңында (Әуезов ауданы) полицейлердің көшеге шыққандарды ұстап жатқан жағдайын видеоға түсірген. 

Кейбір мәліметтер бойынша, полиция заңсыз митингіге шыққандарда суық қару бар деген хабардан кейін тексеріс шараларын жүргізген. Полиция қызметкерлері Tengrinews.kz журналисінің түсіріліміне кедергі болып, артынша телефонын алып қойған. Мұнымен қоймай, тілшіні бірнеше рет ұрған. 

 «Мен қарсы болып, журналист екенімді айтып, айғайладым. Босатуды сұрадым. Көп ұстап тұрды. Мені ұстаған сәтте куәлігімді қалтамнан шығаруға тырыстым. Бірақ олар куәлігімді алып шығуымды күтпей, ұстап, кейін құжатымды тартып алды. Куәлігімді таппай қалдым», - деді Шоқан Алқабаев. Журналистің киімі жыртылған.

Алматы қаласының полиция департаментінің хабарлауынша журналист Ш Алхабаевтың соққыға жығылуына қатысты қызметтік тексеру басталған.

«Полиция департаменті бұл фактіге қатысты жауапкершілікті мойнына алады және істің объектиівті қарлауына кепілдік береді. Дегенмен, бұған қоса, рұқсат етілмеген митинг пен тәртіпсіздіктерден хабар тарату кезінде БАҚ өкілдері қауіпсіздік ережелерін сақтауға назар аударуы керек. Бұл ержелер алдымен журналистердің өздерінің қауіпсіздігіне бағытталған. Қарбалас кезінде медиа өкілін құжаттарын тексеріп тұрмай-ақ сыртынан бірден көрініп тұратындай атритутикасы болуы керек. Бұл туралы бұған едйін ІІМ басшылығы бірнеше рет ескерткен. Соңғы жағдайда журналист Шоқан Алхабаев арнайы жилетсіз болған», - делінген 11 маусымдағы таратқан ақпаратта.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.