{metadescription}
Елімізде мұғалімдер мен дәрігерлердің мәртебесін көтеретін заң қабылданады

Елімізде мұғалімдер мен дәрігерлердің мәртебесін көтеретін заң қабылданады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдер мен дәрігерлердің мәртебесін көтеретін жаңа заңдар қабылданатынын мәлімдеді.

Елордада Қазақстанның жаңадан сайланған президентін ұлықтау рәсімі өтті. Салтанатты рәсімнен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды одан әрі дамытудың он бағытына тоқталды. Соның алтыншы бағыты – әділетті әлеуметтік саясат жүргізу. Мемлекет басшысы атап өткендей, билік адам капиталын дамыту саясатын жалғастырмақ.

"Бұл бағытта, ең алдымен, не істеуіміз қажет? Жаппай білім беруді қолдау және барлық тұрғынға сапалы медициналық қызмет көрсету. Біз мұғалімдердің және дәрігерлердің мәртебесін көтеретін жаңа заңдар қабылдаймыз. Олардың құқығын қорғап, материалдық жағдайын жақсарту үшін тиісті жағдай жасаймыз", - деді президент.

Айта кетсек, бүгін Нұр-Сұлтандағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан тарихындағы екінші президентті ұлықтау рәсімі өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілде ант беріп, президент қызметіне ресми түрде кірісті. 9 маусымда өткен президент сайлауында Тоқаев дауыс берушілердің 70,96 процент даусын жинап, жеңіске жеткен еді.

Дереккөз: Sputnik

Кеше

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.