{metadescription}
Ұшақта жылаған балаға шағымданған модель жұртты ашуландырды

Ұшақта жылаған балаға шағымданған модель жұртты ашуландырды

Ұшақта бірге отырған баланың айқайынан мезі болған 24 жастағы сәнқой бұл туралы Instagram парақшасында жазба қалдырған.

Жылаған баладан жануардың артық екенін айтқан бойжеткен үлкен адуға ілікті. Модель Анжела Панаридің сөзінше, әуе кемесіндегі сапар кезінде жанында отырған жолаушының баласы тоқтаусыз жылаған. Одан да жаныма жануарды отырғызып қойғаны жақсы еді, дейді ол.  

"Мен салонға балаларды емес, жануарларды алып кіруге болады дегенге келісер едім", - деп жазды ол.

Дегенмен, бойжеткен қателік жасағанын лезде түсініп, өз сөзі жазылған видеоны өшіріп тастаған. Алайда 2 млн-ға жуық оқырман оның жазбасын көріп үлгеріпті. Олар Анжеланың өз сөзін қайтарып алып, баршадан кешірім сұрауын талап еткен.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде