{metadescription}
Бас прокуратура митингіге шығатындарға ескерту жасады

Бас прокуратура митингіге шығатындарға ескерту жасады

Бас прокуратура Қазақстан азаматтарын заңды сақтауға шақырды. 

Осыған дейін Бас прокуратура заңсыз митингілерді, шерулерді ұйымдастыруға және қатысуға жол берілмейтіндігін түсіндірген болатын.

"Соған қарамастан, әлеуметтік желілерде жекелеген адамдар еліміздің ірі қалаларында осындай акцияларды өткізуге арандатушылық шақырулар таратуын жалғастыруда.

Құқықтық тәртіп органдарының қызметкерлеріне күш көрсетуге және тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiнің жұмысына кедергі келтіруге итермелеуде.

Бас прокуратура заңдылықты сақтауға, рұқсат етілмеген жария акциялар ұйымдастырудан және оларға қатысудан тартынуға қайта шақырады",-делінген хабарламада.

Бас прокуратура мәліметінше, осы құқыққа қайшы іс-әрекеттерге қатысы бар адамдарға құқық қорғау органдары қолданыстағы заңнама шеңберінде қылмыстыққа дейінгі, ең қатаң жауаптылық шараларын қолданатын болады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.