{metadescription}
Миллиондаған ақшасын ойынханада ұтылған жігіт өзіне қол салды

Миллиондаған ақшасын ойынханада ұтылған жігіт өзіне қол салды

Ош қаласындағы DeLuxe қонақ үйінде жасырын жұмыс істейтін ойынхана туралы хабарлаған Темурлан Алиев өз-өзіне қол жұмсады.

Туыстары оны 2 маусымда асханада асылып қалған жерден тауып, қалалық ауруханаға алып барған. Ол бір апта бойы комада жатып, есін жимастан 8 маусымда қайтыс болды. Ош қаласы ішкі істер бөлімінің баспасөз хатшысы Замир Сыдыковтың хабарлауынша, Алиевтің ойынхана туралы арызы мен оның өз-өзіне қол салуы бірге қаралады.

Темурлан Алиевтің артында жесірі және екі баласы қалды. Туыстарының айтуынша, ол соңғы күндері үйден шықпаған. Марқұмның әкесі Рахман Алиев елдегі ойынханаларды толықтай жабу үшін күресетінін айтты.

"Қырғызстанда құмар ойындарға тыйым салынған. Бірақ олар ашық жұмыс істеп тұр. Мен осыны түсінбеймін. Ойынханаларды жабу үшін күресем. Қажет болса, президентке дейін барамын", - деді ол.

Бір ай бұрын Рахман Алиев баласының ойынханада 6,5 млн сом (93 мың доллар) ұтылғанын, үйде тамақ алуға ақша қалмағанын айтқан. Темурлан Алиев тірі кезінде DeLuxe қонақ үйінің демалыс орнынан ойынхана ашылғанын хабарлады. "Мұнда адам көп келеді. 20-25 адам ойнайды, қалғандары кезек күтіп тұрады. Кіру үшін 2,5, 10 мың сом төлеу керек". Ош қалалық ішкі істер басқармасы Алиев арызы бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Дереккөз: centralasian.org

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде