{metadescription}
Елімізде жазғы маусымда қосымша пойыздар шығарылады

Елімізде жазғы маусымда қосымша пойыздар шығарылады

Елімізде жазғы маусымға байланысты қосымша пойыздар шығарылады.

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз орталығы хабарлайды.

«№ 201/210 «Алматы -Түркістан» бағыты бойынша. Аптасына екі рет. 13  маусымнан бастап тамыздың 30-на дейін жүреді.

№ 207/208 «Алматы - Шымкент» бағыты бойынша. Аптасына екі рет. 13 маусымнан бастап тамыздың 30-на дейін жүреді.

№ 205/206 «Маңғыстау-Бейнеу» бағыты бойынша. Күн ара. 10 маусымнан бастап 30 тамызға дейін қатынайды», делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 30 маусымнан бастап 30 тамызға дейінгі аралықта «Нұр-Сұлтан - Достық» бағытында жүретін қосымша пойыз іске қосылады деп күтілуде.  

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.