{metadescription}
Балабақша жанында бір топ баланы көлік қағып кетті

Балабақша жанында бір топ баланы көлік қағып кетті

Жапонияның Нисиномия қаласында балабақшадан шыққан бір топ баланы тәрбиешісімен қоса көлік қағып кетті.

Бұл туралы NHK телеарнасы хабарлайды. Әзірге белгілі болғаны, оқыс оқиға салдарынан бес жасар және алты жасар екі қыз зардап шеккен.

Ауруханаға жеткізілген қыздардың бірінің иығы зақымданғаны анықталып отыр. Полиция автомобильді жүргізген 69 жастағы әйелді ұстады. Қазіргі таңда оқиғаның егжей-тегжейі тексеріліп жатыр.  

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде