{metadescription}
БҚО әкімі болып Ғали Есқалиев тағайындалды

БҚО әкімі болып Ғали Есқалиев тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғали Нәжімеденұлы Есқалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. 

"Ғали Нәжімеденұлы Есқалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын", - делінген Жарлықта.

Президент әкімшілігінің төрағасы Бақытжан Сағынтаев облыс әктивіне жаңа әкімді таныстырды. Ғали Есқалиев 1970 жылы туған, білімі жоғары. Батыс Қазақстан аграрлық университетін «экономика», Халықаралық бизнес академиясын «менеджмент» мамандықтары бойынша бітірген.

Әр жылдары «Тұран-Әлем банк» АҚ Орал қаласындағы филиалында маман, бөлім басшысы, «Темірбанк» АҚ филиалының директоры, БҚО Кәсіпкерлікті қолдау және даму департаментінің директоры, «Қазақстан даму банкі» АҚ атқарушы директоры, вице-президенті, басқарма төрағасы, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, Астана қаласы әкімдігі қалалық Ортаны регенерациялау басқармасының басшысы, Жамбыл, Ақтөбе облыстары әкімінің орынбасары, Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып жұмыс істеген.

Айта кетейік, Ғали Есқалиевтің әкесі Нәжімеден Есқалиев 1986 жылдан 1993 жылға дейін Орал (қазіргі Батыс Қазақстан) облысын басқарған болатын.  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.