{metadescription}
Елордада ер адам балаларды тапаншамен қорқытты

Елордада ер адам балаларды тапаншамен қорқытты

Нұр-Сұлтан тұрғын үйлерінің аулаларының бірінде полицейлерге екі жасөспірім жүгіріп келіп, оларға ер адамның тапаншамен қоқан-лоққы көрсеткенін айтқан.

12 маусымда кешке сағат 20.00-де астаналық полиция қызметкері 51 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол Шү Уәлиханов көшесінің бойында балаларды тапаншамен қорқытқан.

«Полицейге аулалардың бірінде екі кәмелеттік жасқа толмаған бала жүгіріп келіп, тапаншамен қорқытқан ер адам туралы хабарлаған. Полиция аға сержанты Руслан Шмидт бұл туралы әріптесіне хабарлап, балалар айтқан жерге қарай барады», делінген хабарламада.

ЖПҚ патрульдік полиция полкінің аға сержанты Руслан Шмидт ер адамды сөзге тартып, қолайлы сәт туғанда арнайы әдіспен тәртіп бұзушыны жерге құлатады. Сол сәтте оған аға лейтенантыЖандос Өзбек көмекке келеді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Тәркіленген қару пневматикалық екені анықталды. Медициналық куәландыру нәтижесі ер адамның мас болғанын көрсетті.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде