{metadescription}
14-15 маусым күндері полиция басшыларына тікелей жүгінуге болады

14-15 маусым күндері полиция басшыларына тікелей жүгінуге болады

14 және 15 маусым күндері қазақстандықтар алдын ала жазылмай-ақ, полиция басшыларына жүгіне алады.

Республика бойынша «Жол үстіндегі қабылдау» науқанының кезекті бөлігі өтеді, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. Полиция департаменттерінің басшылары, әкімшілік полиция, жергілікті және көші-қон қызметтерінің басшылары адам көп жиналатын орындарда арнайы қабылдау орнын ашады және тұрғындарды толғандырып жүрген сұрақтарға жауап береді.

Аталған шаралардың өтетін орны мен байланыс нөмірлерін ҚР ІІМ ресми порталынан анықтауға болады. Анықтама үшін 71-58-03, 71-52-08, 71-52-31, 71-46-39 нөмірлеріне хабарласқан жөн.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде