{metadescription}
Атырауда прокурор ұсталды

Атырауда прокурор ұсталды

Атырау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры ұсталды.

«Қатардағы жемқорлықты болдырмау бойынша жүргізілген жұмыс аясында Бас прокуратураның Ішкі тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметімен бірлесе отырып, 11 маусымда Атырау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Жасұлан Қаратауды ұстады», - деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі. 

Оған қызмет бабын пайдалану жолымен ірі мөлшерде алаяқтық жасады деп күдік келтірілді. Сот санциясымен Ж.Ж. Қаратауға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.
 

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде