{metadescription}
Қостанай облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

Қостанай облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

Қостанай облысындағы "Қостанай-Қарабұтақ" тасжолында екі көлік соқтығысты.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тауып, тағы үш адам зардап шекті. Облыстық полиция департаментінің алдын ала мәліметіне сәйкес, жол апатына 25 жастағы ВАЗ-2112 көлігінің жүргізушісі кінәлі екен. Ол көлік тізгініне ие бола алмай, қарсы бағытта кетіп бара жатқан Toyota-ға соғылыпты.

"Салдарынан ВАЗ-2112 көлігінде отырған екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Жүргізуші Қамысты аудандық ауруханасына жеткізілді. Алайда ол есін жинамастан, көз жұмды", - делінген облыстық полиция департаменті таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, жол апатынан Toyota көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы да зардап шеккен. Оқиға орнына шұғыл жеткен жедел жәрдем бригадасы оларға тиісті медициналық көрсетіп, жақын маңдағы ауруханаға жеткізді.

Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптама жұмыстары тағайындалды. Оның ішінде көліктерді автотехникалық тексерістен өткізу де бар. Тексеріс қорытындысы шыққан соң полиция қызметкерлері ВАЗ-2112 жүргізушісінің неге қарсы бағытқа шыққанын анықтайды. 

Дереккөз: Sputnik

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.