{metadescription}
Назарбаев Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісін тағайындады

Назарбаев Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісін тағайындады

Шоқан Елшібеков бұған дейін хатшылық меңгерушісінің орынбасары болған.

Қазақстаннң Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасының, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі төрағасының шешімімен Шоқан Жанатұлы Елшібеков Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды", - деп жазды Айдос Үкібай Twitter-де. 

Елшібеков бұл қызметке тағайындалғанға дейін ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшылығы меңгерушісінің орынбасары болған.

Дереккөз: sputniknews.kz

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде