{metadescription}
Жаңа Президент Жазушылар Одағына қос көлік сыйлады

Жаңа Президент Жазушылар Одағына қос көлік сыйлады

Қасым-Жомарт Тоқаев өзін қолдаған Жазушылар одағына екі Toyota Camry-70 көлігін сыйға берді.

10 420 000 және 17 120 000 млн теңге тұратын жапон елінің екі көлігіннің кілті Жазушылар одағының басшысы Ұлықбек Есдәулетке табысталды. Көлік кілтін президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева табыс етті. Бұған дейін Жазушылар одағы елорда атауының Нұр-Сұлтан деп өзгеруін қос қолдай қолдап, оң көзқарас білдіретінін айтқан еді.

"Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана атауын Нұр-Сұлтан деп өзгертуіне қатысты шешіміне қолдау білдіреміз. Бұл әлем елдерінің тәжірибесінен алынған. Оның үстіне елбасының елорданың салынуына үлесі зор", - делінген мәлімдемеде. 

Кейін президент сайлауында да Тоқаевтың кандидатурасын қолдады. Екі жағдайда да Жазушылар одағы мәлімдеме жасап, бұқаралық ақпарат құралдарына жариялады.

"Мемлекет басшысы 9 маусым күні кезектен тыс президент сайлауы өтетінін мәлімдеген еді. Бұл дұрыс қабылданған шешім. Еліміздің тұрақтылығы мен ішкі-сыртқы саясатының үйлесімдігі үшін қажет. Уақыт күтпей президентті сайлағанымыз жөн деп ойлаймын", - деді Ұлықбек Есдәулет.

Жазушылар одағы әрдайым Қасым-Жомарт Кемелұлының әр бастамасына қолдау білідіріп келеді. 23 мамыр күні Ұлықбек Есдәулет президенттің қабылдауында болып, одақтың жұмысы жөнінде есеп берді. Алдағы жоспарын баяндады. 


 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде