{metadescription}
Әлемдегі ең үлкен ұшақ 400 млн долларға сатуға қойылды

Әлемдегі ең үлкен ұшақ 400 млн долларға сатуға қойылды

Әлемдегі ең үлкен әуе кемесі атанған Stratolaunch эксперименттік катамаран ұшағын  400 миллион долларға сату жоспарланып отыр.

Stratolaunch орбитаға зымыранды ұшыруға арналған. Телеарнаның мәліметтеріне қарағанда, бағаға ұшаққа ие болумен қатар, зияткерлік меншік және жобаға байланысты инфрақұрылым да кіреді. Еске сала кетсек,сәуірде Stratolaunch АҚШ-тың оңтүстік батысындағы Мохаве шөлінің үстімен ұшып өткен еді.

Сынақ кезінде әуе кемесі  5 шақырымнан жоғары биіктікке көтеріліп, сағатына 304 шақырым жылдамдықты бағындырды. Stratolaunch әуе кемесін жабдықтау 2017 жылы аяқталды, деп жазады ҚазАқпарат. Оның қанат құлашы 117,3 метр. Бұл ұшақ құрылысындағы абсолютті рекорд. Ал салмағы 226,8 тонна. Оған Boeing 747-нің алты қозғалтқышы және 28 доңғалағы орнатылған.


 

Кеше

14 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.