{metadescription}
Қазақстан қыздар командасы Азия чемпионатын төртінші орынмен тәмамдады

Қазақстан қыздар командасы Азия чемпионатын төртінші орынмен тәмамдады

Семсерлесуден Қазақстан қыздар командасы Азия чемпионатын төртінші орынмен тәмамдады.

Токиода семсерлесуден Азия чемпионаты жалғасуда. Бүгін сабляшылар арасында командалық бәсеке өтіп жатыр.  Өкінішке қарай, семсерлесуден қыздар арасындағы командалық сында қазақстандықтар Оңтүстік Кореяға есе жіберді. Жартылай финалдық бәсекеде 15:45 есебімен кореялықтар жеңіске жеткен болатын. 

Ал қола медаль үшін өткен кездесуде Қазақстан мен Жапония құрамалары жолығып, тартысты матчта 35:45 есебімен жарыс қожайындары алға шықты, деп хабарлайды Olympic.kz. Осылайша, қазақстандық сабляшы қыздар Азия чемпионатында медальға қол созым жерден тоқтап, төртінші орын иеленіп отыр. 

Азия чемпионатында Қазақстан атынан Әйгерім Сарыбай, Тамара Почекутова, Татьяна Приходько және Айбике Хабибуллиналар сынға түскенін естеріңізге саламыз. 

Кеше

19 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.