{metadescription}
Аптап ыстықтан 29 адам ажал құшты

Аптап ыстықтан 29 адам ажал құшты

Бір айдан бері Үндістанның солтүстігі мен шығысын аптап ыстық буып тұр.

Елдің солтүстік шығысындағы Бихар штатында кем дегенде 29 адам көз жұмды, деп хабарлайды Times of India газеті. Басылымның деректеріне сәйкес, қайтыс болғандардың басым бөлігі - 25 адам Аурангабад округінің тұрғындары, қалған төртеуі Навада және Гайя округтерінен. Бұлардан басқа тағы 30-дан астам адам ауруханаға жатқызылған.

Бихарда соңғы бірнеше апта бойы  бұл маусымға тән емес аптап ыстық сақталып тұр. Термометр бағаны күндіз 40 градустан төмен түспейді. Ал Нью-Делиде 10 маусымда 50 градустан асып кетті. Бұл Үндістан астанасы тарихындағы ең жоғары температура. Биыл муссонның Үндістанға кешігуі ауа райының ұзақ уақыт ыстық болуына соқтырды. Синоптиктердің атап өтуінше, 30 күннен бері аптаптың беті қайтпай отыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде