{metadescription}
8 әйелді өлтіріп, 40 әйелді зорлаған қылмыскер өлім жазасына кесілді

8 әйелді өлтіріп, 40 әйелді зорлаған қылмыскер өлім жазасына кесілді

Американың Флорида штатында қылмыскер Роберт Джо Лонганы өлім жазасына кесу үкімі орындалды. 

Сериялы қылмыскер 1984 жылы 8 әйелді өлтіргені үшін сотталды. Оған 1985 жылы 22 жастағы қызды өлтіргені үшін ең жоғарғы жаза берілді. Кейіннен сотталушы 7 әйелді өлтіріп, 40 шақты әйелді зорлағанын мойындады. Қылмыскерге берілген өлім жазасы енді ғана орындалды. Оған инъекция салынды. 

АҚШ-тың 31-штатында өлім жазасына кесуге рұқсат берілген (Тізім бойынша өлім жазасын беру жағынан Техас көш бастап тұр). Көпшілігі инъекция салуды таңдайды. Штатта дарға асуға, атып өлтіруге, газды камерамен өлтіруге рұқсат бар. 2019 жылдың наурыз айында АҚШ президенті Дональд Трамп Калифорния штатында америкалықтарды өлім жазасына кеспейтінін айтты (2006 жылдан бері өлім жазасына кесу туралы үкім болған жоқ). 

Калифорния тұрғындары арасында өлім жазасын қолдаушылар саны айтарлықтай азайды. Бұл сауалнама нәтижесінде анықталды. Трамп осыны ескерте отыра, жергілікті губернатордың халықтың таңдауына қарсы шыққанын айтты. Қазіргі уақытта штаттың түрмесінде 737 өлім жазасына кесілген сотталушы үкімнің орындалуын күтіп жатыр. 

Дереккөз: stan.kz

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.