{metadescription}
Алматыда сұлулық салонында істейтін әйел өлі табылды

Алматыда сұлулық салонында істейтін әйел өлі табылды

Алматы облысында полицейлер Батура Гадированың із-түссіз жоғалып кетуіне қатысы бар деген күдікпен екі адамды ұстады.

Еске сала кетейік, 40 жастағы Батура Мамедова (Гадирова) Алматыдағы сұлулық салондарының бірінде косметолог болып жұмыс істеген. Екі баланың анасы 27 мамыр күні Алматы облысы Іле ауданындағы үйіне қайтып келе жатып, ұшты-күйлі жоғалып кеткен.

Алматы облысының полицейлері әйел адамның барлық жүрген жолын қарап шығып, келіншектің жоғалуына қатысы болуы мүмкін ерлі-зайыптыларды ұстаған.

– Әйел тоналуы мүмкін деген тұспал жасалды. Жоғалған әйелді өлтіруге қатысы бар деген дәлелді күдікпен екі адам ұсталғаннан кейін бұл тұспал расталды. Қазір ол екеуі қамауға алынған, – деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдіктілер әйелдің денесін қайда көмгенін көрсетті. Қазір аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Облыстық полиция департаментінде күдікті ерлі-зайыптының Алматыда жалға алған көлікпен такси қызметін атқарғанын айтты. 27 мамыр күні марқұм әйел оларға жолаушы болып мінген.  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде