{metadescription}
Үш жарым мыңнан астам әскери қызметкер баспаналы болады

Үш жарым мыңнан астам әскери қызметкер баспаналы болады

Әскери қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету үлгісіне сәйкес, 2018 жылдың қаңтарынан бастап ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметкерлер үшін тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін қазіргі заманғы жүйеге ауыстырылды.

2018 жылы тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа моделін іске асыру басталғаннан бері ҚР ҚК 40 мыңнан астам әскери қызметкеріне жеке арнайы шоттар мен депозиттер ашылды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, жаңа тұрғын үй заңнамасын іске асыру шеңберінде тұрғын үйді жалға алу немесе кейіннен сатып алу құқығымен жалдау ақысын төлеу, меншікке сатып алу үшін тұрғын үй төлемдерін беру жолымен, оның ішінде төлемдерді бөліп төлеу немесе ипотекалық кредитті (қарызды) пайдалану арқылы 2018 жылы екінші деңгейдегі банктер жалпы сомасы 20 миллиард теңгеге 1500-ден астам қарыз берді.

"2019 жылдың жарты жылдығында 2000-нан астам әскери қызметкер жалпы сомасы 30 миллиард теңгеден асты ипотекалық несие алды. Адамдардың бұл санаты "Әскери баспана", "Баспана хит", "7-20-25", "Қазақстандық ипотекалық кредит беру", "Нұрлы жер" және т.б. тұрғын үй кредиттеу бағдарламаларын іске асыруға байланысты ай сайын ұлғаяды", - делінген таратылған ақпаратта.

Дереккөз: Baq.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде