{metadescription}
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Синоптиктер 18-20 маусым күндеріне арналған ауа райы болжамын жасады.

Мамандардың мәліметінше, алдағы күндері елімізде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Синоптиктер мәліметінше, еліміздің шығыс жартысына Батыс Сібірдің солтүстік аймағынан суық атмосфералық фронттардың жылжуы жалғасады. Соның әсерінен алдағы үш тәулікте кей жерлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады.

Сондай-ақ найзағай кезінде күшті екпінді жел соғады деп күтіледі. Мамандар күндізгі уақытта бұршақ жаууы мүмкін деп болжап отыр. Ауа температурасы климаттық нормадан төмен сақталады. Ал Қазақстанның батыс және оңтүстік облыстарына жоғарғы атмосфералық қысым аймағы таралып, салдарынан аздаған бұлтты және ыстық ауа райы күтіледі.

Дереккөз: Қазгидромет

Кеше

07 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.