{metadescription}
Қостанайда жойқын жарылыс болды

Қостанайда жойқын жарылыс болды

Қостанайда Байғамбетов пен Лермонтов көшелерінің қиылысында жарылыс болды. 

Куәгерлердің сөзінше, жарылыс дөнер жасайтын орын мен техникалық қызмет көрсету бекеті орналасқан ғимаратта болған. Кей мәліметтер бойынша, техникалық қызмет көрсету бекетінде газ құрылғысы орнатылып жатқан екен. Ғимараттың күл-талқаны шығып, өртке оранған. 

Куәгерлер үйінді астынан бірнеше адамның шығарылғанын хабарлады. Қазіргі уақытта оқиға орны қоршауға алынған. Ол жерде шұғыл қызметтер қызметкерлері жұмыс істеуде. 

«Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Газбенжабдықтау және электр қуаты уақытша ажыратылды. Өрт сөндіру бөлімі жалынды сағат 12:47-де оқшаулады. Сағат 13:24 тоғыз газ баллон қауіпсіз жерге шығарылды», - деп жазылған Төтенше жағдайлар комитеті таратқан хабарламада.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде