{metadescription}
Оралда таеквондодан Азия чемпионы жоғалып кетті

Оралда таеквондодан Азия чемпионы жоғалып кетті

Оралда жасөспірім спортшы қыз жоғалып кетті.

Облыстық Полиция департаментінен түскен мәліметке қарағанда, 16 жастағы Лиана Шарифуллақызы Кушкеева 16 маусым күні сағат 17.30 шамасында үйінен шығып кеткеннен оралмаған.

«Қазіргі кезде Орал қаласы полиция басқармасының қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Оны іздеуге жеке құрам жұмылдырылды. Лиананы көрген адамдар болса, 8-711-92-18-04, 92-18-41, 92-18-42 немесе 102 телефонына хабарласуын сұраймыз», - деді департаменттің баспасөз қызметінен.

Полицейлердің айтуынша, Лиананың үстінде «S» жазуы бар көк түсті футболка, қара спорттық шалбар, аяғына қызғылт спорттық аяқкиім киген. Бойы 170 см, арықша келген, шашы қара, ұзын, ерекше белгісі - мұрнында меңі бар.

Айта кетейік, Лиана Кушкеева спорт саласында бірқатар жетістіктерге қол жеткізген. 2017 жылы Вьетнамда таеквондодан өткен кадеттер арасындағы Азия чемпионатында жеңімпаз атанғанын жазған едік.  

Дереккөз: ҚазАқпарат

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде