{metadescription}
Елімізде митинг кезінде 300-ден аса полицей зардап шекті

Елімізде митинг кезінде 300-ден аса полицей зардап шекті

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 9-13 маусым күндері ірі қалаларда тіркелген халықтың митингтеріне қатысты пікірін білдірді.

Бірқатар өңірлерде 9-12 маусым аралығында еліміздегі тұрақтылықты бұзуға бағыттыалған санкцияланбаған акциялар ұйымдастырылды.   Акцияға қатысуышаларға прокуратура қызметкерлер бейбіт митингілер, жиналыстар мен шерулер өткізу тәртібі туралы заң ережелері түсіндірілді, сондай-ақ санкцияланбаған митингілер ұйымдастырғаны үшін жауапкершілік туралы түсіндірілді.

Жекелеген адамдар әкімдіктер мен прокуратура өкілдерінің заңды талаптарына бағынбай, өзге азаматтардың тыныштығы мен өміріне, денсаулығына қауіп төндірді, құқықтық тәртіпті қорғаған полиция қызметкерлеріне қарсы келді.

Осыған байланысты полицияның және Ұлттық ұланның күшімен қоғамдық тыныштығы мен азаматтарды қорғауға бағытталған шаралар қабылданды. Құқық бұзушылар полицияға  әкелінді және сот тәртібімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушылықтардың жолын кесу кезінде арнайы құралдар қабылданғанын атап өту қажет. Барлық іс-шаралар заңға сәйкес жүргізілді, тәртіп сақшылары азаматтармен ара-қатынаста өздерін барынша әдепті ұстады. 

Сонымен бірге акцияның жолын кесу кезінде 300-ден астам полиция қызметкері түрлі жарақат алды, бесеуіне медициналық көмек болды. Наразылардың бұрышты баллон қолданған салдарынан жедел ден қою арнайы жасағы қызметкерінің екі көзін күйік шалды. Басына тас тиген қызметкер миы шайқалған және бас жарақаты диагнозымен медициналық мекемеге жеткізілді, ол бұл дене жарақатын Нұр-Сұлтан қаласында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде алды.

Сонымен қатар түнде Алматы қаласында заңсыз акцияға көліктерімен қатысқандар жол қозғалысын реттемек болған полицция қызметкерін қағып кетті. Дәрігерлер оның аяғы сынғанын анықтады. Ішкі істер органдары бұдан әрі де қоғамдық тәртіпті бұзушылықтардың жолын кесу, азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етуде заңда көзделген барлық шараларды қабылдайтын болады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.